Мазмұнға өту

Тегін диагностика · тіркелусіз

Атаққа жетемін бе?

ORCID-іңізді жазыңыз не мақалаларыңыздың санын енгізіңіз. Matin доцент, профессор атағына немесе PhD қорғауға не қалғанын 2026 жылғы бұйрықтармен есептеп, қай жылы жететініңізді жол картасымен көрсетеді.

Тек қорғағаннан (не доцент атағынан) кейін жарияланған мақалаларды санаңыз. Тезистер саналмайды.

Доцент атағына 5 қадам қалды

Атақпен айына ≈108 125 тг үстемақы қосылады.

  • 0 / 14
  • 0 / 10
  • 0 / 2
  • 0 / 1
  • 0 / 3

Қауымдастырылған профессор (доцент) · Ғылыми атақтар беру қағидалары, №128 · 06.11.2026 тексерілді. Шешімді уәкілетті Комитет қабылдайды. Әр жолды басып, тармағын көріңіз.

Жол картасы

Жылынахалықаралық жәнеККСОН мақаласын жазсаңыз:

Тек мақала жазу жеткіліксіз: Монография (≥6 б.т.), оқулық (≥6 б.т.) не 1 шәкірт керек.

Есеп сол бұйрықтармен жылдан жылға жүргізіледі; өтіл жыл сайын бір жылға өседі.

Есеп неге сүйенеді

Доцент пен профессор атағы — Ғылыми атақтар беру қағидалары (БҒМ №128, 2026 жылғы 23 маусымдағы өзгерістерімен). PhD қорғау — Дәрежелер беру қағидалары (№127, 6-тармақ). Екеуі де Әділет жүйесінен толық оқылды, 2026 жылғы 6 қараша.

Жиі қойылатын сұрақтар

Доцент атағына қанша мақала керек?

Қорғағаннан кейін кемінде 14 ғылыми мақала: оның 10-ы ККСОН-ның 1–2-тізіміндегі журналдарда, 2-еуі халықаралық журналда (JCR Q1–Q3 не Scopus CiteScore процентилі ≥35), осы екеуінде бірінші не корреспондент автор болуыңыз керек. Бұған қоса 3 жыл өтіл және монография, оқулық не 1 шәкірт керек (№128, 4-тармақ).

ККСОН-ның 3-тізіміндегі мақала атаққа саналады ма?

Жоқ. Доцент пен профессор атағына ККСОН-ның тек 1- және 2-тізіміндегі журналдары саналады (№128, 6-1-тармақ). PhD қорғауға 3-тізім саналады: ол үшін 3 мақала жеткілікті.

PhD қорғауға неше мақала керек?

Бекітілген бір сан жоқ: төрт жолдың біреуі жеткілікті. Мысалы, халықаралық журналда 1 мақала (Scopus процентилі ≥25) және ККСОН-ның 1-тізімінде 1 мақала (не 2-тізімде 2, 3-тізімде 3). JCR Q1 журналында 1 мақала болса, басқасы керек емес (№127, 6-тармақ).

Атақ үшін қанша үстемақы төленеді?

Негізгі жұмыс орнында ай сайын: PhD не ғылым кандидаты және доцент атағы — 25 АЕК, ғылым докторы және доцент — 42 АЕК, профессор — 50 АЕК. 2026 жылы 1 АЕК 4 325 теңге, яғни айына шамамен 108, 182 және 216 мың теңге.

Деректерім сақтала ма?

Тіркелмесеңіз, жоқ: ORCID-тегі ашық деректер оқылып, нәтиже тек сіздің экраныңызда есептеледі. Жол картасын сақтағыңыз келсе, тегін тіркеліп, мақалаларыңызды «Жарияланымдар» бөліміне әкелесіз.

Бұл есеп атақ береді ме?

Жоқ. Matin бұйрықтың мәтіні бойынша есептейді; шешімді Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті қабылдайды. Әр шарттың жанында бұйрықтың тармағы көрсетіледі.