Қандай мәтіндермен жұмыс істей аламын?
Ғылыми мақала, диссертация, кітап, әдістемелік құрал, эссе, хат, есеп, ресми құжат — кез келген қазақша мәтін.
Word файлын қоса аламын ба?
Иә. .docx файлды тікелей жүктеп, тексеріп, қайта Word немесе PDF форматында жүктеп алуға болады. Авторға жіберу үшін «Word — түзетулер белгісімен» нұсқасы бар: барлық өзгеріс Word-тың түзету белгісімен көрінеді.
Мәтіндерім құпия ма?
Біз мәтініңізді сатпаймыз және жарнамаға пайдаланбаймыз. Түзету ұсыныстарын дайындау үшін мәтіннің қажетті бөлігі ғана жасанды интеллект қызметіне беріледі. Толығырақ — құпиялылық саясатында.
Корректор мен Редактордың айырмасы не?
Корректор мәтінді қайта жазбай, механикалық қателерді түзетеді: емле, грамматика, тыныс белгісі және типографика (қазақша тырнақша, көп нүкте, артық бос орын). Редактор стильді, калькаларды және ауыр сөйлемдерді қарап, жақсырақ нұсқа ұсынады. Екеуінде де соңғы шешім сіздікі.
Мәтін Matin-ді үйретуге қолданыла ма?
Толық мәтін қолданылмайды. Рұқсат берсеңіз ғана, қабылдаған түзетулеріңіз (қысқа сөйлем) аты-жөнсіз Matin-ді жақсартуға көмектеседі. Рұқсатты профильде кез келген уақытта өшіруге болады.
Жазылымды қалай тоқтатамын?
Мерзім біткенде ақша өзі алынбайды: жазылымды өзіңіз ұзартасыз. Ұзартпасаңыз, жаңа төлем болмайды.
Деректерімді қалай жоямын?
Құжатты жойсаңыз, ол 30 күн «Себетте» тұрады, содан кейін біржола өшеді. Профильдегі «Аккаунтты жою» батырмасын бассаңыз, құжаттарыңыз бен жеке деректеріңіз бірден жойылады.
Қанша мәтін тексере аламын?
Күніне 10 000 таңбаға дейін (шамамен 5 бет) толығымен тегін. Лимит түн ортасында жаңарады.
Автоматты түрде түзете ме?
Тек ұсақ белгілерді: тырнақшаны, көп нүктені, артық бос орынды. Оларды да бір басумен қайтаруға болады. Қалған әр ұсынысты өзіңіз шешесіз.
Matin мәтінді менің орныма жаза ма?
Жоқ. «Жазу» бөлімі ойыңызды реттеуге, жоспар құруға, аргументті күшейтуге көмектеседі. Автор — сіз: әр ұсынысты қабылдайсыз, өзгертесіз не бас тартасыз.
Ресми құжатты дайындай ма?
Иә. «Ресми құжат» бөлімінде құжат түрін таңдап, деректерді жазасыз. Орысша жазсаңыз да болады. Matin ресми қазақша жобасын дайындайды, үстінен бір тексеріп, Word түрінде жүктеп аласыз. Сондай-ақ 400-ден астам дайын үлгі бар.
Дауыспен жазуға бола ма?
Иә. Микрофонды басып сөйлей беріңіз — Matin сөзіңізді мәтінге айналдырып, артық сөзді алып, абзацқа бөледі. Дауыс жазбасы сақталмайды.