Құрал · тегін
Мәтінді латынға аудару
Кириллицадағы қазақ мәтінін қойыңыз, латын әліпбиіндегі нұсқасы бірден шығады. Тіркелу керек емес.
2021 жылғы жетілдірілген әліпби (ä, ö, ü, ū, ğ, ñ, ş, ı). Әлі ресми бекітілмеген, бірақ баспасөзде жарияланған және ең көп қолданылатын нұсқа.
Жиі қойылатын сұрақтар
Латын әліпбиі бекітілді ме?
Жоқ. Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы маусымда әліпби әлі бекітілмегенін, Президент тапсырмасымен жетілдіріліп жатқанын айтты. Құрал 2021 жылы жарияланған жетілдірілген жобаға сүйенеді. Әліпби бекітілген соң құралды жаңартамыз.
Мәтінім қайда кетеді?
Ешқайда. Аудару браузеріңіздің ішінде жүреді, мәтін серверге жіберілмейді және сақталмайды.
Неге латыннан кириллицаға кері аудару жоқ?
Латын жазуында бірнеше әріп бір дыбысқа ортақ болып, кері аударғанда қате көп шығады. Дұрыс нәтиже бере алмайтын нәрсені ұсынбаймыз.
Нәтижені тексеру керек пе?
Иә, ресми құжатқа салар алдында көз жүгіртіңіз. Құрал мәтінді жазылғанындай әріпке аударады. Орыс тілінен енген сөздердің емлесін қайта түзетпейді, мысалы «Россия» сөзін «Rossia» деп береді.
Мәтіннің өзін де жөндегіңіз келе ме?
Латынға аударар алдында Matin емле мен тыныс белгіні түзетіп береді: қате әріп латынға да қате болып көшеді.
Matin-де жазу