Бұл құжат — жоба нұсқасы, заңгермен расталу үстінде, жаңартылып отырады.
Құпиялылық саясаты
Соңғы жаңартылған күні: 2026 жылғы 1 қараша
1.1. Жалпы ереже
Matin AI ("біз", "қызмет") — қазақ тілінде мәтін жазуға, өңдеуге және тексеруге арналған цифрлық платформа. Осы саясат сіздің (пайдаланушының) деректерін қалай жинайтынымызды, қолданатынымызды, сақтайтынымызды және қорғайтынымызды сипаттайды. Қызметті пайдалану арқылы сіз осы саясатпен келісесіз.
1.2. Біз қандай дерек жинаймыз
| Дерек түрі | Мысал | Не үшін |
|---|---|---|
| Аккаунт ақпараты | Email, аты (Google OAuth арқылы) | Кіру, идентификация |
| Мәтіндік мазмұн | Сіз жазған/жүктеген құжаттар | Грамматика/стиль тексеру қызметін көрсету |
| Түзету әрекеттері | Қабылданған/қабылданбаған ұсыныстар, өзіңіз түзеткен сөйлемдер | Қызметті жақсарту, дұрыстық статистикасы |
| Пайдалану статистикасы | Күндік таңба саны, кіру уақыты | Лимитті бақылау, әкімшілік статистика |
| Келісім жазбасы | Дерек өңдеуге келісім берілген күн/нұсқа | Заңды растама |
Біз төлем картасы деректерін, паспорт/ЖСН нөмірлерін жинамаймыз және сақтамаймыз.
1.3. Дерек не үшін қолданылады
- Қызметті көрсету үшін: мәтініңізді талдап, грамматика/емле/тыныс белгі/стиль ұсыныстарын беру
- Қызметті жақсарту үшін: сіздің түзетулеріңізден (ұсынысты қабылдау не қабылдамау, сөйлемді өзіңіз түзету) бүркеншіктелген үлгілер (түзету жұбы, мысалы: "X қате, Y дұрыс") алынып, тіл моделін жақсартуға пайдаланылады. Өзіңіз түзеткен сөйлемдерде ЖСН, телефон, e-mail, банк шоты мен карта нөмірі жасырылып сақталады. Бұл тек сіз келісім берсеңіз ғана жүреді; келісімді профильде кез келген уақытта өшіруге болады
- Күндік лимитті есептеу және теріс пайдалануды алдын алу үшін
1.4. Мәтініңіз үшінші тарапқа беріле ме?
Иә, бірақ тек қызмет көрсету үшін және тек қажетті бөлігі: мәтіннің тексерілетін бөлігі шифрланған байланыспен техникалық серіктестеріміздің серверлеріне жіберіледі (жасанды интеллект моделі, сөйлеуді тану, деректі сақтау мен өңдеу).
ЖСН/БСН, телефон нөмірі, e-mail, банк шоты (IBAN) мен карта нөмірі серіктестерге жіберілмейді: Matin оларды жіберер алдында ұқсас жалған мәнмен ауыстырады, ал жауап келгенде өз мәнін қайта қояды.
Адамның аты мен мекенжайын автоматты түрде сенімді жасыру мүмкін емес, сондықтан олар мәтіннің бір бөлігі ретінде жіберіледі. Өте құпия мәтінді тексерместен бұрын осыны ескеріңіз.
Деректеріңіз қорғалған серверлерде сақталады. Кейбір серверлер Қазақстаннан тыс орналасуы мүмкін.
Біз дерегіңіздісатпаймыз, жарнамаға пайдаланбаймыз және жарнама компанияларына бермейміз.
1.5. Дерек қанша уақыт сақталады
- Сіздің толық құжаттарыңыз — аккаунтыңыз белсенді болғанша сақталады. Жеке құжатты жойсаңыз, ол 30 күн «Себетте» тұрады (қайтаруға болады), содан кейін біржола өшеді. Аккаунтты профильдегі «Аккаунтты жою» батырмасымен жойсаңыз, құжаттарыңыз бен жеке деректеріңіз (себеттегілерді қоса) бірден жойылады.
- Алынған түзету үлгілері (сөйлем деңгейіндегі түзету жұптары, модельді жақсартуға пайдаланылатын) — бүркеншіктелген түрде сақталады: толық құжат емес, тек қысқа түзету жұбы болады. Аккаунтты жойсаңыз, жеке түзету тарихыңыз да жойылады. Тек аты-жөнсіз жалпы үлгілер қалады: олар Matin-ге қазақша мәтінді жақсырақ түзетуге көмектеседі.
- Аккаунт/статистика ақпараты — аккаунт белсенді болғанша.
1.6. Сіздің құқықтарыңыз
Сіз:
- өз деректеріңіздің көшірмесін сұрай аласыз;
- аккаунтыңызды және онымен байланысты құжаттарды жоюды сұрай аласыз;
- түзетулеріңізді жетілдіруге қолданудан профильде бас тарта аласыз;
- келісіміңізді кез келген уақытта қайтарып алуыңызға болады.
Сұраныстарды info@matin.kz арқылы жіберуге болады.
1.7. Жасанды интеллект қолданылады
Matin ұсыныстарының бір бөлігін жасанды интеллект жасайды: Редактор режимі мен «Жазу» бөлімі, сондай-ақ Корректордың күмәнді жерлері. Жасанды интеллект қателесуі мүмкін, сондықтан соңғы шешімді әрқашан өзіңіз қабылдайсыз.
1.8. Қауіпсіздік
Деректеріңізді қорғау үшін біз рөлге негізделген қатынау бақылауын (Row Level Security), шифрланған қосылымдарды және шектеулі әкімшілік қатынауды қолданамыз. Дегенмен, интернет арқылы 100% қауіпсіздікті ешкім кепілдендіре алмайды.
1.9. Жас шектеуі
Қызмет 16 жастан төмен балаларға арналмаған.
1.10. Браузер кеңейтімі және мобильді қосымша
Matin браузер кеңейтімі (Chrome және соған ұқсас браузерлер) мен Matin мобильді қосымшасы да осы саясатқа бағынады.
- Кеңейтім тек сіз жазып отырған мәтін өрісін (хат, хабарлама, пікір жазатын жер) оқиды, сонда да тек мәтін қазақша болса. Құпия сөз, карта нөмірі сияқты бір жолдық өрістерді оқымайды.
- Word плагині мәтінді тексеру үшін сіз «Құжатты тексеру» батырмасын басқанда ғана жібереді, құжат сақталмайды. Плагинге кіргенде келісім берсеңіз, сіз өзгерткен кейбір сөйлемдер («бұрын → кейін» жұбы) Matin-ді жақсартуға жіберіледі: бүкіл құжат емес, тек өзгерген сөйлемдер; аты-жөн, ЖСН, телефон сияқты деректер жасырылады. Бұдан профиліңіздегі «Жақсартуға үлес» бөліміндегі белгіні алып тастап бас тарта аласыз.
- Мәтін тек тексеру үшін шифрланған байланыспен matin.kz серверіне жіберіледі. Кеңейтім мен қосымша арқылы тексерілген мәтін сақталмайды: тек таңба саны күндік лимит үшін есептеледі. Жалғыз ерекшелік — төмендегі түзету жұбы.
- Кеңейтімде «Түзету» батырмасын басып қабылдаған түзетуіңіз (қате не ұсынылған сөз бен сол сөйлем, «бұрын → кейін» жұбы) Matin-ді жақсартуға жіберіледі. Бұл тек профильдегі «Жақсартуға үлес» белгісі қосулы болғанда жүреді: бұл белгіні профильде кез келген уақытта алып тастасаңыз, бұдан былай ештеңе жіберілмейді. Бүкіл өріс, сайттың мекенжайы не атауы жіберілмейді; аты-жөн, ЖСН, телефон, карта нөмірі жасырылады. Кеңейтім өзі түзеткен қателер жіберілмейді.
- Кеңейтім сіз кірген сайттардың тізімін, браузер тарихын жинамайды, жарнама көрсетпейді.
- Кіру белгісі (аккаунтқа кіру кілті) тек сіздің браузеріңізде не телефоныңызда сақталады. Кеңейтімнен не қосымшадан «Шығу» батырмасымен оны кез келген уақытта өшіре аласыз.
- Мобильді қосымшада микрофон тек сіз «Сөйлеу» батырмасын басқанда қосылады. Дауыс мәтінге айналдыру үшін ғана жіберіледі, мәтін шыққан соң жазба жойылады, сақталмайды.
- Matin пернетақтасы жазуды тоқтатқан сәтте тек жазылып жатқан сөйлемді тексеруге жібереді. Құпия сөз, пошта, сайт мекенжайы өрістерінен және жасырын (incognito) өрістерден ештеңе жіберілмейді. Жазғандарыңыз сақталмайды, пернетақта ештеңе жинамайды. Микрофон тек 🎤 басқанда қосылады.
1.11. Саясат өзгерістері
Осы саясат уақыт өте өзгеруі мүмкін. Елеулі өзгеріс болса, қызмет ішінде хабарландырамыз.
1.12. Байланыс
Сұрақтар үшін: info@matin.kz