Төлем тәртібі және ақшаны қайтару
Банк карталарымен төлем FreedomPay арқылы жүргізіледі. Visa және Mastercard карталары қабылданады.
FreedomPay қорғалған төлем бетіИнтернеттегі төлем Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сай, құпиялылық пен қауіпсіздік қағидаттарын сақтап жүргізіледі: деректерді тексерудің, шифрлаудың және жабық байланыс арналарымен жіберудің заманауи тәсілдері қолданылады. Банк картасының деректері FreedomPay-дің қорғалған төлем бетінде енгізіледі.
Төлем қалай жасалады
- «Баға» бетінде тарифті таңдап, шарттармен келісіп, «Сатып алу» батырмасын басасыз.
- FreedomPay беті ашылады. Онда карта нөмірін, карта иесінің атын, жарамдылық мерзімін және үш таңбалы қауіпсіздік кодын (Visa үшін CVV2, Mastercard үшін CVC2) енгізесіз. Бұл деректердің бәрі картада жазулы. Қауіпсіздік коды — картаның артқы жағындағы үш сан.
- Содан кейін банкіңіздің бетіне өтіп, SMS-пен келген 3-D Secure кодын енгізесіз. Код келмесе, картаны шығарған банкке хабарласыңыз.
- Төлем расталған соң тариф аккаунтыңызда ашылады.
Төлем өтпеуі мүмкін жағдайлар
- банк картасы интернеттегі төлемге арналмаған (бұны өз банкіңізден білуге болады);
- картада төлемге қаражат жеткіліксіз;
- карта деректері қате енгізілген;
- картаның жарамдылық мерзімі өтіп кеткен (мерзім картаның бетінде жазулы: ай және жыл).
Қауіпсіздік
Сіз берген жеке ақпарат (аты-жөні, телефон, e-mail, банк картасының нөмірі) құпия болып саналады және жария етілмейді. Карта деректері тек шифрланған түрде беріледі және Matin серверінде сақталмайды.
Қызметті қалай аласыз
Қызмет электронды түрде көрсетіледі, тауар жеткізілмейді.
- Тариф төлем расталған бойда аккаунтыңызда ашылады, әдетте бірнеше минутта.
- Мерзім төлем расталған күннен басталады. Мерзім біткенде аккаунт тегін тарифке ауысады.
- Автоматты төлем жоқ: мерзім біткенде ақша өзі алынбайды.
Ақшаны қайтару
- Банк картасымен төленген ақша қолма-қол қайтарылмайды. Қайтарым төлем жасалған картаға жүргізіледі; тәртіп Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі.
- Pro және Pro жылдық: төлемнен кейін 7 күн ішінде өтініш берсеңіз, ақша толық қайтарылады.
- Pro жылдық: 7 күннен кейін пайдаланылмаған толық айлар үшін ақша сол айлардың үлесіне қарай қайтарылады.
- Апталық: төлемнен кейін ақылы мүмкіндіктер пайдаланылмаса, ақша толық қайтарылады.
- Қайтару үшін info@matin.kz поштасына не WhatsApp (+7 707 130 19 89) нөміріне өтініш жіберіңіз: аты-жөніңізді, аккаунттың поштасын және төлем күнін көрсетіңіз.
- Ақша өтініш алынған күннен бастап 21 жұмыс күні ішінде картаға қайтарылады. Мерзім жұмыс күнімен есептеледі, мереке және демалыс күндері есепке алынбайды.
- Қателікпен жасалған төлем болса (қате не қайталанған ақша алу), сол өтінішке түбіртекті немесе төлем туралы SMS-ті қоса жіберіңіз. Қайтарылатын сома төлем сомасына тең болады.
Байланыс
Төлемге және сайттың жұмысына қатысты сұрақтар бойынша: info@matin.kz, +7 707 130 19 89 (WhatsApp).
Толық шарттар: Жария оферта, Пайдалану шарттары, Құпиялылық саясаты.