Бұл құжат — жоба нұсқасы, заңгермен расталу үстінде, жаңартылып отырады.
Пайдалану шарттары
2.1. Қызметтің сипаты
Matin AI — қазақ тілінде мәтін жазу мен өңдеуге көмектесетін AI-негізделген қызмет. Қызмет қазіргі уақытта жабық бета кезеңінде, тегін, "дерек серіктестігі" негізінде ұсынылады. Функционалдық өзгеруі, толықтырылуы мүмкін.
2.2. Аккаунт
Қызметті пайдалану үшін аккаунт құру қажет (Google арқылы кіру). Сіз аккаунт деректерінің қауіпсіздігіне жауаптысыз.
2.3. Пайдаланушы мазмұны және лицензия
Сіз жүктейтін/жазатын мәтін — сіздің меншігіңіз болып қалады. Дегенмен, қызметті пайдалану арқылы сіз Matin AI-ға:
- мәтініңізді талдау және сізге ұсыныс беру үшін өңдеуге;
- одан алынған анонимделген лингвистикалық үлгілерді (толық мәтінді емес) қызметті жақсартуға және модель оқытуға пайдалануға
шектеулі, эксклюзивті емес құқық бересіз. Толық құжатыңыз үшінші тарапқа сатылмайды немесе жарияланбайды.
Ескерту: авторлық құқықпен қорғалған мазмұнды (мысалы, басқа автордың мәтінін) жүктеу — сіздің жауапкершілігіңізде.
2.4. Тыйым салынған әрекеттер
- Қызметті заңсыз, зиянды немесе бөтен адамның авторлық құқығын бұзатын мазмұн үшін пайдалану
- Күндік лимитті айналып өту әрекеттері (мысалы, бірнеше аккаунт жасау)
- Қызметтің қауіпсіздік жүйесін бұзуға тырысу
2.5. Зияткерлік меншік
Matin AI платформасы, грамматика ережелері, датасеттер, алгоритмдер — Matin AI-ға (немесе оның негізін қалаушыға) тиесілі. Пайдаланушыға тек қызметті пайдалануға шектеулі лицензия беріледі, деректерге немесе кодқа қатынау құқығы берілмейді.
2.6. Жауапкершіліктен бас тарту
Matin AI — AI-негізделген қызмет, ұсыныстары әрдайым 100% дұрыс бола бермеуі мүмкін. Қызмет "бар күйінде" (as-is) ұсынылады, түзетулердің толық дұрыстығына кепілдік берілмейді. Соңғы мәтінге жауапкершілік — пайдаланушыда.
2.7. Қызметті тоқтату
Біз ережелерді бұзған аккаунтты ескертусіз тоқтата аламыз. Пайдаланушы да өз аккаунтын кез келген уақытта жоя алады.
2.8. Шарттар өзгерісі
Шарттар уақыт өте жаңартылуы мүмкін. Елеулі өзгеріс болса, хабарландырамыз.
2.9. Қолданылатын құқық
Осы шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.