Мәтін диагностикасы · тегін
Мәтініңіз қандай жағдайда?
Мәтінді қойыңыз не Word/PDF жүктеңіз. Бір минутта қате деңгейін, ең көп түзетілетін жерді және журналға дайындықты көресіз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Не тексеріледі?
Емле, грамматика, тыныс белгі және стиль — Matin түзеткішімен. Одан бөлек мәтіннің оқылуы, бір атаудың әртүрлі жазылуы және журнал талаптарына жақындығы санап шығарылады.
«Деңгей» қалай есептеледі?
1 000 сөзге шаққанда қанша қате келетініне қарап: 5-тен аз — таза, 5–25 — түзету керек, 25-тен көп — көп түзету керек. Қысқа мәтін 300 сөзге теңеліп есептеледі, әйтпесе үш қате қысқа хатты «нашар» етіп көрсетер еді. Есеп әр нәтиженің астында ашық тұр.
Неге тек басы тексеріледі?
Тегін нұсқада мәтіннің басындағы шамамен 3 000 таңба (бір жарым бет) түзеткіштен өтеді. Қалған бөлігі үшін қате санын пропорциямен бағалап береміз — ол бағалау екені жазылып тұрады. Бүкіл құжатты тіркелген соң түзетесіз.
Мәтінім қайда кетеді?
Тексерілетін бөлігі түзеткішке жіберіледі және оның нәтижесі ғана қайтады; мәтін сақталмайды. Оқылуы, атаулар мен журнал бөлігі браузеріңізде есептеледі.
Word файлы не береді?
Мәтініңіз өзгертілмейді: әр қате жерге Word-тың түсініктемесі қойылады («қалай жазылған → қалай болуы керек, себебі»). Керегін өзіңіз не редакторыңыз қабылдайды.