Matin қосымшалары

Қай жерде жазсаңыз да, қатесіз.

Телефонда, Word-та, браузерде — Matin қазақша мәтіндегі емле, жалғау және тыныс белгі қателерін жазған сәтте өзі түзетеді.

Сынақ нұсқасы

Android пернетақтасы

WhatsApp, Telegram, пошта — қай қосымшада жазсаңыз да, қатені жазған сәтте өзі түзетеді. 🎤 басып айтсаңыз, сауатты мәтін шығады.

Сынақ нұсқасы

Microsoft Word

Құжатты Word-тан шықпай тексереді. Қаласаңыз, түзетулер Word-тың «өзгерістер» белгісімен түседі.

Қолжетімді

Chrome кеңейтімі

Gmail, WhatsApp Web, әлеуметтік желілер — браузердегі кез келген жазу өрісінде. Edge-те де жұмыс істейді.

Жақында

iPhone және iPad

Пернетақта мен Safari кеңейтімі — Android нұсқасы сияқты, қатені өзі түзетеді.

Жақында

Күнде жазатын жерлеріңізде

WhatsAppTelegramGmailInstagramFacebookOutlookMicrosoft WordSMSПоштаПікірлер

Ұсыныс емес — түзету

Емле мен жалғау қатесін Matin өзі түзетеді, әр сөзді басып қабылдап отырудың қажеті жоқ. Күмәнді жерді ғана сізге қалдырады.

Тек қазақ тіліне жасалған

Ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і әріптері, жалғау, тыныс белгі — бәрі қазақ тілінің ережесімен тексеріледі.

Мәтініңіз сақталмайды

Тек тексеру үшін жіберіледі. Құпия сөз, пошта өрістерінен Matin ештеңе оқымайды.

Сұрақтар

Тегін бе?

Иә. Күніне 10 000 таңбаға дейін тегін — сайтта да, қосымшаларда да бір аккаунт.

«Сынақ нұсқасы» деген не?

Қосымша жұмыс істейді, бірақ әлі дүкенге шықпаған. Google Play мен Microsoft дүкеніне шыққанша файлды осы сайттан жүктейсіз — орнату бір минут.

Chrome кеңейтімін қалай орнатамын?

Жоғарыдағы «Chrome-ға орнату» батырмасын басыңыз, Chrome дүкенінде «Chrome-ға қосу» деңіз. Сосын matin.kz/extension бетінде аккаунтыңызбен байланыстырасыз. Edge-те де жұмыс істейді.

iPhone-ға қашан?

Android нұсқасы сынақтан өткен соң. Қазір iPhone-да matin.kz сайтында жаза аласыз.

Толығырақ: құпиялылық саясаты