Қызмет көрсету туралы жария оферта
«Matin AI» ЖШС (БСН 260840025204) (бұдан әрі — Орындаушы) осы жария офертаны (бұдан әрі — Оферта) Matin платформасы (matin.kz) арқылы ақылы қызмет көрсету туралы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — Тапсырыс беруші) ұсыныс ретінде жариялайды.
1. Жалпы ережелер
1.1. Оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395, 396 және 447-баптарына сәйкес жарияланған.
1.2. Акцепт — Тапсырыс берушінің сайтта тарифті таңдап, шарттармен келісуі және төлем жасауы. Акцепт сәтінен бастап Оферта Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасындағы қызмет көрсету шарты болып саналады.
1.3. Тапсырыс беруші Оферта шарттарымен толық және ешбір ерекшеліксіз келісетінін растайды.
1.4. Оферта мен оған енгізілген барлық өзгерістер matin.kz/oferta бетінде жарияланады. Платформаны пайдалану тәртібі Пайдалану шарттарында жазылған.
2. Қызмет
2.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге Matin платформасының ақылы мүмкіндіктеріне таңдалған мерзімге қолжетім береді: қазақ тіліндегі мәтінді тексеру (Корректор), мәтінді жатықтау (Редактор), мәтін жазуға көмек (Coach) және ресми құжат дайындау.
2.2. Тарифтер, әр тарифке кіретін мүмкіндіктер мен лимиттер «Баға» бетінде көрсетілген.
2.3. Қызмет жасанды интеллект арқылы көрсетіледі. Ұсыныстар әрдайым толық дұрыс бола бермейді; мәтінге қандай өзгеріс енгізуді Тапсырыс берушінің өзі шешеді.
3. Баға және төлем
3.1. Барлық баға Қазақстан Республикасының теңгесімен көрсетілген: Апталық — 990 ₸ / 7 күн, Pro — 2 490 ₸ / ай, Pro жылдық — 19 900 ₸ / жыл, Ұйымдарға — 4 990 ₸ / 1 адамға / ай.
3.2. Орындаушы сайттағы бағаны бір жақты өзгерте алады. Тапсырыс беруші төлеп қойған мерзімнің бағасы өзгермейді.
3.3. Төлем банк картасымен (Visa, Mastercard) FreedomPay-дің қорғалған төлем бетінде жасалады. Карта деректері Matin-де сақталмайды. Ұйымдар шот бойынша банктік аударыммен төлей алады. Толығырақ: Төлем және ақшаны қайтару.
3.4. Тапсырыс берушінің төлеу міндеті ақша Орындаушының есеп шотына түскен сәтте орындалды деп саналады.
3.5. Автоматты төлем жоқ: мерзім біткенде ақша өзі алынбайды.
4. Қызметті көрсету тәртібі мен мерзімі
4.1. Қызмет электронды түрде көрсетіледі, тауар жеткізілмейді. Тариф төлем расталған бойда Тапсырыс берушінің аккаунтында ашылады, әдетте бірнеше минутта. Мерзім төлем расталған күннен басталады.
4.2. Мерзім біткенде аккаунт тегін тарифке ауысады. Құжаттар мен мәтіндер аккаунтта сақталады.
4.3. Платформада техникалық жұмыс не ақау болса, Орындаушы оны мүмкіндігінше тез жояды. Ақау салдарынан ақылы мүмкіндіктер қатарынан 3 тәуліктен артық істемесе, Орындаушы мерзімді сонша күнге ұзартады.
5. Ақшаны қайтару
5.1. Pro және Pro жылдық: төлем жасалғаннан кейін 7 күн ішінде өтініш берсеңіз, ақша толық қайтарылады.
5.2. Pro жылдық: 7 күннен кейін өтініш берсеңіз, пайдаланылмаған толық айлар үшін ақша сол айлардың үлесіне қарай қайтарылады.
5.3. Апталық: төлемнен кейін ақылы мүмкіндіктер пайдаланылмаса, ақша толық қайтарылады.
5.4. Ұйымдарға: қайтару тәртібі ұйыммен жасалған шартта көрсетіледі.
5.5. Қайтару үшін info@matin.kz поштасына не WhatsApp (+7 707 130 19 89) нөміріне өтініш жіберіңіз: аты-жөніңізді, аккаунттың электрондық поштасын және төлем күнін көрсетіңіз. Ақша төлем жасалған банк картасына өтініш алынған күннен бастап 21 жұмыс күні ішінде қайтарылады. Қолма-қол ақшамен қайтарылмайды; тәртіп Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі.
5.6. Басқа жағдайларда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылады.
6. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
6.2. Орындаушы AI ұсыныстарының толық дұрыстығына кепілдік бермейді. Дайын мәтін мен құжаттың мазмұнына Тапсырыс берушінің өзі жауап береді.
6.3. Тапсырыс беруші платформаға жүктейтін мәтіннің заңдылығына және үшінші тұлғалардың құқығын бұзбайтынына өзі жауап береді.
6.4. Еңсерілмейтін күш жағдайлары әрекет еткен кезеңде тараптар міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
7. Дербес деректер
Тапсырыс берушінің дербес деректері мен мәтіндері Құпиялылық саясатына сәйкес өңделеді.
8. Қорытынды ережелер
8.1. Оферта акцепт сәтінен бастап күшіне енеді және тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
8.2. Орындаушы тарифтер мен мүмкіндіктерді өзгертуге, жаңа тариф қосуға құқылы.
8.3. Даулар алдымен келіссөз арқылы шешіледі. Келісімге келмесе, тараптар Орындаушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының сотына жүгінеді.
9. Орындаушының деректемелері
- Атауы: «Matin AI» ЖШС
- Заңды мекенжайы: Қазақстан, Астана қ., Сарайшық ауданы, Жұмекен Нәжімеденов к-сі, 10/3 үй, 74 п., индекс Z01B9H3
- БСН: 260840025204
- ИИК (теңге): KZ94551Z600008390446
- Банк: «Фридом Банк Қазақстан» АҚ, БСК KSNVKZKA
- Кбе: 17
- E-mail: info@matin.kz
- Телефон: +7 707 130 19 89 (WhatsApp)