Мазмұнға өту
Matin

Matin туралы

Matin — қазақша жазатын адамға арналған көмекші. Мәтіндегі қатені табады, түзету ұсынады, ресми құжатты дайындап береді.

  • Корректор емле, тыныс белгі және грамматика қатесін табады. Әр түзетудің себебін қысқаша түсіндіреді.
  • Редактор кальканы, ауыр сөйлемді, қайталауды көрсетіп, табиғи нұсқа ұсынады.
  • Жазу кеңістігінде ойыңызды жазасыз, Кеңесші жоспар құрып, келесі қадамды көрсетеді.
  • Құжат бөлімінде деректерді жазасыз, Matin қазақша өтініш, хат, бұйрық дайындайды. 400-ден астам дайын үлгі бар.

Соңғы шешім — сізде. Matin ұсынады, сіз қабылдайсыз не бас тартасыз. Ұсыныс қате болса, белгілеп қойыңыз: біз оны көріп, түзетеміз.

Matin-ді филолог әрі кәсіби редактор жасап жатыр. Ұсыныстар нақты редакторлардың түзетулеріне сүйенеді.

Сұрақ, пікір немесе қате туралы жазыңыз: байланыс беті.

← Басты бетке оралу