Matin

Microsoft Word · сынақ нұсқасы

Matin Word-та

Құжаттағы емле, жалғау, тыныс белгі қателерін Word-тан шықпай түзетеді. Қаласаңыз, түзетулер Word-тың «өзгерістер» белгісімен түседі — әрқайсысын қабылдап не қайтара аласыз. Орнату — бір минут.

Windows: екі қадам

  1. 1

    Орнатқышты жүктеп, ашыңыз

    Орнатқышты жүктеу

    Браузер ескертсе, «Сохранить» (Keep) басыңыз. Жүктелген matin-word-ornatu.cmd файлын екі рет басыңыз. Windows «Компьютер защищён» (Windows protected your PC) десе, «Подробнее» (More info) → «Выполнить в любом случае» (Run anyway) басыңыз. Әкімші құқығы, Microsoft аккаунты керек емес. Word 2016, 2019, 2021 және Microsoft 365-те жұмыс істейді.

  2. 2

    Word-ты қайта ашыңыз

    Главная (Home)MatinКорректор

    Оң жақта Matin терезесі ашылады. matin.kz аккаунтыңызбен кіріп, «Құжатты тексеру» басыңыз. Болды.

Компьютеріңізге қарай

Word онлайн (office.com)

Браузерде office.com ашып, Word құжатын жасаңыз немесе ашыңыз. matin-word.xml файлын жүктеп, мына жолмен қосыңыз:

Главная (Home)Надстройки (Add-ins)Мои надстройки (My Add-ins)Отправить мою надстройку (Upload My Add-in)
Windows: орнатқышсыз (Microsoft 365)

matin-word.xml файлын жүктеп, Word-та мына жолмен қосыңыз:

Главная (Home)Надстройки (Add-ins)Мои надстройки (My Add-ins)Отправить мою надстройку (Upload My Add-in)

«Обзор» (Browse) → matin-word.xml → «Отправить» (Upload). Ескі Word-та (2016, 2019) бұл жол болмайды, онда жоғарыдағы орнатқышты қолданыңыз.

Алып тастау: орнатқышты қайта жүктеп, «Пуск» → «Выполнить» (Run) терезесіне файлдың жолын жазып, соңына /remove қосыңыз.

Mac

Mac-тағы Word-та да «Отправить мою надстройку» (Upload My Add-in) жолы бар. Ол болмаса, matin-word.xml файлын қолмен қоюға болады:

  1. Finder-де «Переход» (Go) → «Переход к папке» (Go to Folder) басыңыз.
  2. Мына жолды қойыңыз: ~/Library/Containers/com.microsoft.Word/Data/Documents/wef (папка жоқ болса, wef деп жасаңыз).
  3. matin-word.xml файлын сол папкаға көшіріп, Word-ты жауып, қайта ашыңыз.

Мәтін тексеру үшін ғана жіберіледі. Бірінші ашқанда келісім берсеңіз, өзіңіз түзеткен кейбір сөйлемдер Matin-ді жақсартуға сақталады: тек өзгерген сөйлемдер, бүкіл құжат емес, аты-жөн мен нөмірлер жасырылады. Келіспесеңіз немесе профильде өшірсеңіз, ештеңе сақталмайды. Күніне 10 000 таңбаға дейін тегін, сайттағы аккаунтпен бірдей.

Microsoft дүкеніне шыққан соң орнату бір батырмаға түседі. Сұрақ болса: info@matin.kz