Ғылыми жұмыс
Ғылыми мақала мен диссертация жазуға арналған кеңістік
Журнал талабы, дереккөз тізімі және нормоконтроль бір жерде. Мәтінді жазасыз, ал рәсімдеуді Matin тексереді.
Не істей аласыз
Журнал талабы бойынша тексеру
Журналды таңдайсыз, ал мақала сөз саны, аннотация, кілт сөз, дереккөз саны және бөлімдер бойынша тексеріледі. Санау дәл, жасанды интеллектсіз жүреді. Журнал каталогта жоқ болса, талаптарын өзіңіз жазасыз.
ККСОН тізімі
Журнал ұсынылған ККСОН тізімінде бар-жоғын, қай бағыт бойынша екенін көресіз.
Дереккөз тізімі
Дереккөз APA 7, ГОСТ 7.1 не Vancouver үлгісімен рәсімделеді. Zotero не BibTeX, CSL JSON файлынан тізім құруға болады. Нәтиже жоба болады, соңғы тексеру автордікі.
Бөлімдер арасындағы қайталау
Екі бөлімде қатар келген бірдей үзінділерді және сілтемесіз келген сан мен зерттеу тұжырымын көрсетеді. Бұл қате емес, назар аударатын орындар.
Нормоконтроль
Word файлының жиегі, қарпі, аралығы, азат жолы және бет нөмірі талапқа сай ма, тексереді. Тегін, тіркелусіз.
Емле мен стиль
Корректор емле, грамматика мен тыныс белгіні, Редактор калька мен стильді қарайды. Әр ұсынысты өзіңіз қабылдайсыз не өткізесіз.
Ғылыми жұмысты бастаңыз
Тегін тіркеліп, жазу кеңістігінде мақаланы не диссертацияны ашыңыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Matin ғылыми мақаланы менің орныма жаза ма?
Жоқ. Автор — сіз. Matin журнал талабын тексереді, дереккөзді рәсімдейді, мәтінді түзетеді. Әр ұсынысты өзіңіз қабылдайсыз не өткізесіз.
Диссертацияға жарай ма?
Иә. Ұзын мәтінмен бөлімдер бойынша жұмыс істейсіз: қайталануды, сілтемесіз тұжырымды тексересіз, дереккөз тізімін рәсімдейсіз.
Журналым каталогта жоқ болса ше?
Журналдың талаптарын өзіңіз жазып қоясыз, тексеру соған қарай жүреді.
Нормоконтрольді қалай тексеремін?
Нормоконтроль бетінде Word файлын жүктейсіз. Ол тегін, тіркелу керек емес, файл браузерден шықпайды.
Бұл тегін бе?
Нормоконтроль тегін. Қалған құралдардың шарты тариф бойынша, тарифтер бетінде көрсетілген.