Тегін · тіркелусіз
Қазақша мәтінді тегін тексеру
Емле, грамматика және тыныс белгі қателерін табады, түзетуін және себебін көрсетеді. Шешімді өзіңіз қабылдайсыз.
Қалай жұмыс істейді
- 1
Мәтінді қойыңыз
Тіркелусіз 600 таңбаға дейін, шамамен бір абзац.
- 2
Қателерді көріңіз
Matin емле, грамматика және тыныс белгі қателерін тауып, түзетуін ұсынады.
- 3
Себебін оқыңыз
Әр ұсыныстың қасында неге олай екені қысқаша жазылады. Қабылдау не өткізу — сіздің шешіміңіз.
Көбірек мәтін керек пе?
Тегін тіркеліп, күніне 10 000 таңбаға дейін тексеріңіз, мәтініңіз сақталады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақша мәтінді тегін қалай тексеруге болады?
Жоғарыдағы терезеге мәтінді қойып, тексеру батырмасын басыңыз. Тіркелу керек емес, бір реттегі мәтін 600 таңбаға дейін болады.
Қандай қателерді табады?
Емле, грамматика және тыныс белгі қателерін. Орыс тілінен тікелей аударылған тіркестерді (калька) мен стильді Редактор қарайды, ол тіркелген соң ашылады.
Ұзын мәтінді қалай тексереміз?
Тегін тіркеліп, күніне 10 000 таңбаға дейін (шамамен 5 бет) тексеруге болады. Лимит түн ортасында жаңарады. Көп мәтінге Pro тариф бар.
Word файлын тексеруге бола ма?
.docx файлды жүктеп тексеру тіркелген аккаунтта бар. Түзетуді Word-тың түзету белгісімен жүктеп алуға болады, ол Pro тарифінде.
Мәтінім құпия ма?
Біз мәтініңізді сатпаймыз және жарнамаға пайдаланбаймыз. Қалай өңделетіні құпиялылық саясатында жазылған.