Құрал · жаңа
Кітап беті
Кітабыңызды тарау-тарау жазыңыз не Word файлынан алыңыз. Үлгі мен қаріпті таңдап, «Беттеп көру» арқылы кітабыңыздың беттерін бірден көріңіз, ұнаған дизайнды бекітіңіз. Matin оны қазақ тілінің ережесімен беттеп, мазмұны мен бет нөмірі бар PDF етіп береді.
Кітаптың келбеті
Кітап түріне не оқырманға сай үлгіні таңдаңыз. Қаріп пен өлшемін кейін өзгертуге болады.
Бекітілген дизайндар
Белгілер: **қалың**, *курсив*, «## Ішкі тақырып», «- тізім тармағы» (қатар кемінде екеу), «> дәйексөз», «^[төменгі ескертпе]», «---» (көрініс үзілісі), «[сурет 1: жазуы]» (Word-тан алғанда өздігінен қойылады).
Арнау, эпиграф, автор туралы
ISBN алуға дайындау
isbn.kz өтінімі үшін титул беті мен оборот (кітап туралы бет) бір PDF болып жүктеледі, сонымен қатар кітап атауы, авторы, аннотациясы жазылады. Мына өрістерді толтырыңыз: Matin isbn.kz үлгілеріндегідей PDF жасап, өтінімге көшіретін деректерді анкета етіп береді.
Библиографиялық сипаттама (оборотқа өздігінен қойылады)
. – 2026.
Өзім жазамын
- ✗ Жетіспейді: Кітаптың атауы
- ✗ Жетіспейді: Автордың аты-жөні
- ✗ Жетіспейді: Басылым түрі немесе жанры (роман, әңгімелер жинағы, оқу құралы)
- ✗ Жетіспейді: Аннотация
- ✓ Шыққан жылы
- ✗ Жетіспейді: Шыққан қаласы
- ✗ Жетіспейді: Баспа атауы (жеке автор болса, өз атыңыз)
- ✗ Жетіспейді: Бет саны (PDF жасасаңыз, өздігінен толады)
- ○ Қалауыңызша: Пікір берушілер (тек оқулық, ғылыми кітапқа керек)
- ○ Қалауыңызша: Авторлық белгі (міндетті емес: оны кітапхана классификаторынан таңдайды)
- isbn.kz сайтында тіркелесіз (баспа не жеке тұлға деректері керек).
- «Мои издания» бөлімінде кітап деректерін көшіріп, титул мен оборот PDF-ін жүктейсіз.
- Төлемді жасап, түбіртекті тіркейсіз (тариф бетін isbn.kz/price-тан қараңыз: қазір 7 900 ₸, экспресс 15 800 ₸).
- ISBN, УДК, ББК келген соң, оларды төмендегі «Баспа деректеріне» жазып, кітапты қайта беттейсіз.
Әр форматқа (қағаз кітап, EPUB) бөлек ISBN керек. Сайттағы шарттар өзгеруі мүмкін: өтініш алдында isbn.kz-тан тексеріңіз.
Баспа деректері (оборот пен соңғы бет)
Бәрі міндетті емес. Жолдар СТ РК 2383-2013 бойынша isbn.kz үлгілеріндегідей орналасады; ISBN, УДК, ББК-ні isbn.kz өтінімді қабылдаған соң береді. Басқа жолдарды баспамен нақтылаңыз.
Беттеп көру
Бірінші тарауды жазып біткен соң «Беттеп көру» батырмасын басыңыз: кітабыңыз сіз таңдаған үлгімен қалай көрінетінін бірден көресіз. Қазір таңдалған үлгі: Классикалық проза.
Басуға бермес бұрын тексеру
- Қате: Кітаптың атауы жазылмаған.
- Қате: Автордың аты жазылмаған.
- Қате: Бірде-бір тарауда мәтін жоқ.
- Кеңес: ISBN жоқ. Сатуға не кітапханаға тапсыруға ISBN керек (isbn.kz арқылы алынады).
- Кеңес: УДК/ББК көрсетілмеген. Баспа беті үшін кітапхана индексін қосуға болады.
- Кеңес: Баспа не жеке автор аты көрсетілмеген.
Қаріптер (PT Serif, Literata, Noto Serif, Lora, Source Serif 4, Merriweather, PT Sans) — SIL Open Font License бойынша ашық.
Жиі қойылатын сұрақтар
Бұл PDF-ті типографияға апаруға бола ма?
Мәтіннің беттелуі дайын: тасымал, мазмұн, колонтитул, бет нөмірі. Бірақ мұқабаны бөлек жасау керек. Баспаның өз талабы (түс режимі, жиектен шығатын өріс) болуы мүмкін, сондықтан алдымен баспамен келісіңіз.
ISBN алуға қалай көмектесесіз?
ISBN-ді isbn.kz береді, біз оны бермейміз. Бірақ өтінімге керек титул беті мен оборотты isbn.kz үлгісіндегідей PDF етіп, кітап туралы деректерді (атауы, авторы, аннотациясы, библиографиялық сипаттама) өтінімге көшіруге дайын анкета етіп береміз. Тариф пен мерзімді isbn.kz сайтынан тексеріңіз.
EPUB не үшін керек?
Электронды кітап ретінде телефонда, планшетте не оқу құрылғысында оқу үшін. Онда бет өлшемі тұрақты емес, мәтін экранға қарай ыңғайланады. Басып шығару үшін PDF қолданыңыз.
Қазіргі пішім қандай?
Бес пішім бар: 60×84/16 (145×200 мм), 84×108/32, A5, 70×100/16 және A4. Жеті үлгі (классикалық проза, заманауи, ғылыми, ықшам, өлең жинағы, балаларға, үлкен қарып) және жеті қаріп таңдауға болады. Қарыптардың бәрінде қазақ әріптері бар.
Тасымал қалай қойылады?
Сыздық Р. «Қазақ тілінің анықтағышындағы» ереже бойынша буынға бөлінеді. Жалқы есімдер мен инициал бөлінбейді. Нәтижені PDF-те қарап шығыңыз, қате көрсеңіз бізге жазыңыз.
Мәтінім қайда сақталады?
Жазғаныңыз тек осы браузерде сақталады. PDF жасағанда мәтін серверге жіберіледі, бірақ онда сақталмайды.