Мазмұнға өту
Matin
← Matin Experts

Matin Experts ережесі

Нұсқасы: 2026-11-01

Matin Experts деген не

Matin мәтінді өзі тексереді, түзетеді, беттейді. Кейде одан әрі кәсіби адамның көзі керек: кітапты баспаға дайындау, ғылыми мәтінді редакциялау, аудару, диссертацияны ресімдеу. Matin Experts — осындай жұмысқа тексерілген мамандарды табатын орын.

Мамандар қалай іріктеледі

Маман профиль ашып, сауалнама толтырады: білімі, тәжірибесі, жұмыстары.

Корректор, редактор, аудармашы және жазу кеңесшісі сынақ тапсырмасын орындайды. Верстальщик пен мұқаба дизайнері кемінде екі жұмысын көрсетеді.

Жауапты Matin өзі қарайды. Талапқа сай келсе ғана профиль каталогқа шығады. Клиенттерден негізді шағым түссе, профиль жасырылады.

Тапсырыс қалай жүреді

Клиент маманның бетінен өтінім жібереді: не керек, көлемі, мерзімі, байланыс жолы.

Маман өтінімді жеке кабинетінен көріп, клиентке өзі хабарласады. Бағасы мен мерзімін екеуі келіседі.

Төлем және комиссия

Matin арқылы қорғалған төлем жақында қосылады. Онда клиент келісілген бағаны Matin-ге төлейді, ақша жұмыс қабылданғанша Matin-де сақталады, содан кейін маманға өтеді.

Клиент келісілген бағадан артық ештеңе төлемейді. Matin бұл сомадан 15% қызмет ақысын ұстап, қалғанын маманға аударады. Matin мұнда делдал ретінде әрекет етеді: оның табысы — тек осы қызмет ақысы.

Қорғалған төлем қосылғанша төлемді клиент пен маман өзара келіседі. Бұл кезеңде Matin төлем үшін жауап бермейді.

Не істеуге болмайды

Диплом, курстық жұмыс, диссертация, ғылыми мақаланы автордың орнына жазып беру. Кеңес беру, редакциялау, түзету, ресімдеу — болады, ал басқа адамның атынан ғылыми жұмыс жазу — жоқ.

Плагиат: басқаның мәтінін өз жұмысы ретінде беру.

Портфолиоға өзі жасамаған жұмысты қою.

Клиенттің мәтінін тапсырыстан басқа мақсатқа пайдалану не бөтен адамға беру.

Шағым мен сұрақ

info@matin.kz поштасына не сайттың төменгі жағындағы WhatsApp нөміріне жазыңыз.